Вы находитесь здесь:Главная/Новости/Асыраушысынан айырылған 30 мың қазақстандық жәрдемақы алады

Асыраушысынан айырылған 30 мың қазақстандық жәрдемақы алады

15.09.2022

Жыл басынан бері 30 907 азаматқа асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы тағайындалды, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» .

Азаматтар күн сайын асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы кімге тиесілі және төлем қалай тағайындалатынын анықтау үшін 1414 желісіне хабарласады. Сонымен қатар, олар жәрдемақы көлемін, төлемді тоқтату, уақытша тоқтату, қайта бастау тәртібін және төлем мерзімін білгісі келеді.

Аймақтарды салыстыратын болсақ, ең көп өтініш Алматы қаласына тиесілі – 13%, одан кейін тізімде Шымкент (10%), Түркістан облысы (9%), Нұр-Сұлтан (8%), Алматы және ШҚО (7%). Ең аз өтініш СҚО (1%) және БҚО-дан (2%) болып шықты.

TOP