Вы находитесь здесь:Главная/Новости/Коньяк пен брендиді арзан бағаға сатқан кәсіпкерлерге айыппұл салынады

Коньяк пен брендиді арзан бағаға сатқан кәсіпкерлерге айыппұл салынады

13.09.2022

Қазақстанда ликер-арақ сусындарды, коньяк пен брендиді арзан бағамен сатқан кәсіпкерлерге 2022 жылғы 11 қыркүйектен бастап айыппұл салына бастады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінен мәлім етті.

«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңына толықтырулар енгізілгені белгілі. Онда арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ сусындарына, коньяк пен брендиге ең төменгі бөлшек сауда бағаларын белгілеу көзделген.

Комитет мәліметінше, коньяк пен брендидің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы 1 930 теңгені құрайды. Талапты бұзғандар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес жауапқа тартылады. Өзгерістер 2022 жылғы 11 қыркүйектен бастап күшіне енді.

«Мемлекеттік кірістер комитеті арақтарды және айрықша арақтарды, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарды, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарын, коньяк пен брендиді бөлшек сауда бағасынан төмен бөлшек саудада өткізгені үшін жоғарыда аталған алкоголь өнімдерін тәркілей отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын еске салады», — деді Мемлекеттік кірістер комитетінен.

TOP