Вы находитесь здесь:Главная/Новости/Қарашығанақта мұнай өндіру уақытша тоқтатылады – министрлік

Қарашығанақта мұнай өндіру уақытша тоқтатылады – министрлік

09.09.2022

Қарашығанақ мұнай-газ кен орны жұмысын уақытша тоқтатады. Бұл ақпаратты ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі растады.

«12 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Қарашығанақ кен орнында жоспарлы күрделі жөндеу жүргізу үшін мұнай өндіруді тоқтату жоспарланған», — деген ақпарат жарияланды бүгін бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында.

Осы орайда ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі аталған ақпаратты ҚазАқпарат тілшісіне растады.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында орналасқан Қарашығанақ кеніші — дүние жүзіндегі ең ірі мұнай-газ конденсаты кен орындарының бірі. 1979 жылы ашылған.

Қарашығанақ жобасы Қазақстан Үкіметі және Shell (қатысу үлесі 29,25%), ENI (29,25%), Шеврон (18%), Лукойл (13,5%) компанияларының альянсы мен «ҚазМұнайГаз» (10%) арасында жасалған түпкілікті келісім шеңберінде жұмыс істейді.

Ондағы мұнай қоры — 1,2 млрд тонна, газ қоры — 1,35 трлн текше метр.

TOP