Шын мәнінде, тамызда теңге бағамы 472,29 теңгеге дейін 1%-ға нығайды, — деп хабарлайды Ұлттық банкi.
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың айтуынша, э кспорттаушылардың тоқсандық салық төлемдері үшін шетел валютасын сатуы теңгенің айырбастау бағамының қалыпты нығаюына ықпал етті. Осылайша, ішкі факторлар валюта нарығына көбірек ықпал етті.
«Квазимемлекеттік сектор субъектілері ЕДБ арқылы 469,5 млн АҚШ долларын сатты. Нарықтың теңгерімділігі аясында Ұлттық банк валюталық интервенциялар жүргізген жоқ. Ұлттық қордан бюджетке трансфертті жүзеге асыру теңгедегі түсімдермен қамтамасыз етілді, сондықтан Ұлттық қордың валюталық активтерін сату талап етілмеді», — деді ол.