Вы находитесь здесь:Главная/Новости/Абай облысының оңтүстігінде өрт қаупі сақталуда

Абай облысының оңтүстігінде өрт қаупі сақталуда

08.09.2022

Абай облысының оңтүстігінде өрт қауіпі сақталуда, деп хабарлайды жергілікті әкімдік

Өңірдегі Бесқарағай, Абай, Үржар, Жарма аудандары мен Курчатов қаласының маңында құрғақ шөп тұтанған. Көп жерде қызыл жалын облыстың ТЖД, Қорғаныс министерлігі қызметкерлерінің, шекара қызметі, жеркілікті атқару органдары мамандарының күшімен сөндірілді. Қазіргі сәтте Үржар және Аягөз аудандарында тілсіз жауға тосқауыл қойылып жатыр.

«Кей аймақтардағы ерекше ыстыққа байланысты, орман өртенгенін естеріңізге саламыз. Абай ауданындағы жекелеген өрт ошақтары желдің қуатымен ұлғайып кеткен. Бұл өз кезегінде өрт сөндіру қызметінің жұмысын ауырлатып отыр.

Сонымен қатар, 6 қыркүйек күні өрт қауіпіне байланысты Абай облысы мен Семей қаласының тұрғындарына «Семей орманы» табиғи орман резерватына баруға тиым салынған болатын. Облыс тұрғындарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және орман алқабына шықпауға шақырамыз», — деп жазды ведомстводан.

Өртке қарсы қызметтің барлық қызметкерлеріне, осы күндері өртпен күресуге көмектескен барлық қамқор азаматтарға алғыс білдіреміз.

TOP