Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырғандар статистикасын жариялады.
Оған сәйкес, 7 қыркүйекте 321 адам коронавирусқа шалдыққан.
Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында — 59, Алматы қаласында — 31, Шымкент қаласында – 1, Ақмола облысында – 39, Ақтөбе облысында – 6, Жетісу облысында — 3, Атырау облысында — 7, Шығыс Қазақстан облысында — 8, Абай облысында — 4, Жамбыл облысында — 4, Батыс Қазақстан облысында — 37, Қарағанды облысында — 40, Ұлытау облысында — 3, Қостанай облысында — 30, Қызылорда облысында — 1, Маңғыстау облысында — 9, Павлодар облысында — 16, Солтүстік Қазақстан облысында — 22, Түркістан облысында — 1 адам.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 390 908 жетті.