Вы находитесь здесь:Главная/Новости/Алматы облысында бірден екі басқармаға жаңа басшы келді

Алматы облысында бірден екі басқармаға жаңа басшы келді

05.09.2022

Алматы облысының екі басқармасына жаңа басшы тағайындалды.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің өкімімен Асылан Саматұлы Ораз Алматы облысы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Асылан Саматұлы 1983 жылы туған, білімі жоғары.

2004 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Мемлекеттік және муниципалдық басқару» мамандығы бойынша, 2005 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша, 2016 жылы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Саясаттану, әлеуметтік білімі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің жетекші маманы болып бастаған.

Әр жылдары ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің жетекші маманы, бас маманы, эксперті, бас эксперті, ҚР Қаржы, экономика және бюджетті жоспарлау министрліктерінің басқарма бастығы, департамент директорының орынбасары лауазымдарын атқарған.

2014 жылдың қазан айынан ҚР Қаржы министрлігі көлік және коммуникация өнеркәсібі бюджеті департаменті директорының орынбасары лауазымында болды.

Сондай-ақ Алматы облысы әкімінің өкімімен Алмас Сұлтанұлы Батанов Алматы облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Алмас Сұлтанұлы 1977 жылы туған, білімі жоғары.

2000 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «агроөнеркәсіп кешеніндегі ақпараттау жүйесі» мамандығы бойынша, 2004 жылы Алматы технологиялар және бизнес университетін «стандарттау және сертификаттау» мамандығы бойынша, 2010 жылы Ноттингем Университетін «ақпараттық технологиялар менеджменті» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы «Метрология» РМК Алматы филиалының жетекші маманы болып бастаған.

Әр жылдары «Қазақстан метрология институты» РМК Оңтүстік Қазақстан филиалының жетекші маманы, «ҚазИнМетр» РМК Оңтүстік Қазақстан филиалының бас маманы, бөлім, басқарма бастығы, «ҚазИнМетр» РМК орталығының басшысы, «Экономикалық зерттеу институты» АҚ бас менеджері — бас сарапшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің сарапшысы, консультанты, референті, ҚР Өңірлік даму министрлігінің департамент директоры, ҚР Премьер-Министрі Бірінші Орынбасарының кеңесшісі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Премьер-Министрі басшысының орынбасары,

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің комитет төрағасы, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы хатшылығының меңгерушісі, Павлодар облысы әкімінің орынбасары, Алматы қаласы стратегия және бюджет басқармасының басшысы, Алматы қаласы қаржы басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.

TOP