Вы находитесь здесь:Главная/Новости/Александр Бублик АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына шықты

Александр Бублик АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына шықты

30.08.2022

Қазақстанның бірінші, әлемнің 47-ракеткасы Александр Бублик АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Александр Бублик бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 72-орында тұрған франциялық Юго Гастонмен өткізді. Қазақстандық теннисші 6:4, 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағат 46 минутқа созылған матч барысында Бублик 13 эйс жасап, 12 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Гастон 1 эйс, 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.

Александр Бублик екінші айналымда әлемнің 15-ракеткасы, испаниялық Пабло Карреньо-Бустамен шеберлік байқасады. Ол аустриялық Доминик Тимді жолдан тайдырды – 7:5, 6:1, 5:7, 6:3.

Жүлде қоры 60 млн долларына бағаланған «Үлкен дулыға» турнирі 11 қыркүйекке мәреге жетеді.

Өткен жылы финалда сербиялық Новак Джоковичті ұтқан ресейлік Даниил Медведев жеңімпаз атанған болатын. Әйелдер арасында АҚШ ашық чемпионатында жекелей сында Қазақстаннан Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева сынға түседі.

TOP