Вы находитесь здесь:Главная/Новости/9,5 миллионнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

9,5 миллионнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

30.08.2022

2022 жылғы 29 тамызда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 9 584 386 адам, 2-ші компонентін 9 368 116 адам салдырды. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналына хабарлайды.

2022 жылғы 29 тамызда «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 1 238 684 адам, ІІ-ші дозасын 1 198 556 адам салдырды.

Оның ішінде: І-ші компонентін 874 358 жасөспірім, 41 624 жүкті әйел, 145 443 бала емізетін әйел салдырды.

ІІ-ші компонентін 859 332 жасөспірім, 39 453 жүкті әйел, 141 995 бала емізетін әйел салдырды.

TOP