Вы находитесь здесь:Главная/Актуально/ШҚО-да көршісінің терезесіне оқ атқан ер адам ұсталды

ШҚО-да көршісінің терезесіне оқ атқан ер адам ұсталды

21.08.2023

Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Полиция қызметкерлері көрсетілген мекенжайға дереу жетіп, жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктінің жеке басын анықтап, ұстады. Күдікті көрші подъездте тұратын 23 жастағы жас жігіт болып шықты.

"Ұсталған адамның үйіне шұғыл тінту жүргізу барысында полицейлер 12 калибрлі екі патронды, "ИЖ-18 ЕМ-М" маркалы бір ұңғылы аңшылық мылтық пен 12 калибрлі үш гильза, сондай-ақ 12 калибрлі 8 патрон тапқан".

Белгілі болғандай, сол күні кешке ұсталған ер адам жәбірленушіден бір қабат жоғары тұратын көршісімен сөзге келіп қалған. Күдікті аулаға шығып, қарама-қарсы үйдегі сол көршісінің терезесін көздеген. Көршісіне ренжіген жас жігіт мылтықты нысанаға бағыттаған, алайда атылған оқ еш кінәсі жоқ басқа тұрғынның терезесіне тиіп кеткен. Кейінірек, сөзге келіп қалған көршісінің терезелері ауланың басқа жағына қарайтыны белгілі болды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігімен "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе шектеу түріндегі жазаны көздейді.

Сурет: ШҚО ПД баспасөз қызметі

Похожие материалы (по тегу)

TOP