Вы находитесь здесь:Главная/Новости/Шахтадағы өрт: 4 адам ауруханада, 3 адамның тағдыры белгісіз

Шахтадағы өрт: 4 адам ауруханада, 3 адамның тағдыры белгісіз

17.08.2023

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің өрт шыққан «Қазақстан» шахтасынан 224 адам эвакуацияланды.

Алдын ала мәліметке сәйкес, қауіпсіз жерге шығарылған 13 адам бас ауруы мен жөтелге шағынданған. Қазіргі уақытта 4 адам, оның ішінде екеуі Шахтинск қаласының орталық аурухаансына, тағы екеуі облыстық медициналық орталыққа жатқызылды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Оқиға орнында Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин мен Шахтинск қаласының әкімі Мұрат Қыдырғанбеков жүр.

Бүгін сағат 10:05-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасында конвейерлік таспа өртенгені труралы ақпарат тараған еді. Сол кезде шахтада 227 адам болған. Олар қаптал ұңғыма арқылы жер бетіне шығарылды. Оқиға орнында «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» республикалық орталық штабының және Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Өрттің шығу себебі анықталу үстінде.

Похожие материалы (по тегу)

TOP