Вы находитесь здесь:Главная/Дарига Назарбаева/"Адам жүрегіне жеткізетін ең қысқа жол". Дариға Назарбаева қандай ұсыныс жасады?

"Адам жүрегіне жеткізетін ең қысқа жол". Дариға Назарбаева қандай ұсыныс жасады?

Сенат төрайымы Дариға Назарбаева Нұр-Сұлтанда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XVIII отырысында өнер фестивалін ұйымдастыруды ұсынды, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Съезд барысында Үнді мәдениеті орталығының директоры Кала Дхананджей Ачария махаббат пен өнер, тату диалог туралы айтқан.

Дариға Назарбаева доктордың сөзімен келісіп, келесі съезде өнер фестивалін ұйымдастыруды ұсынды.

"Маған өнер — адам жүрегіне жеткізетін ең қысқа жол деген идея ұнайды. Сондықтан, сізбен толық келісемін, татулық, бейбітшілік, дінаралық және конфессияаралық диалог мүддесінде барлық бағыт бойынша өнерді әзірлеу және пысықтау қажет деген көзқарасыңызбен келісемін. Келесі конгресте осы тақырыпқа арналған өнер фестивалін ұйымдастырып, дайындай аламыз деп үміттенемін. Осы бастамада қосатын ықтимал үлесіңіз үшін бәріміз сізге алғыс айтамыз деп ойлаймын. Егер бұл фестивальға жастар назарын аударта алсаңыз, бұл осы тақырыпқа арналған өнер көрмесін ұйымдастыру үшін екі есе пайдалы болар еді. Біздің жұмыс тобымыз осы бойынша жұмыс істейді", — деді Дариға Назарбаева.

Айта кетейік, Дариға Назарбаева Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінде хатшылық төрайымы ретінде отырысты алғаш рет өткізіп отыр.

Похожие материалы (по тегу)

TOP