2023 жылдан бастап сақтандыру нарығы қаржылық есептіліктің жаңа стандартына көшеді
Жаңа жылдан бастап бүкіл жаһандық сақтандыру нарығы, оның ішінде отандық сақтандырушыларды қоса алғанда, халықаралық қаржылық есептілік стандартына (ХҚЕС 17) көшеді. Forbes.kz үшін арнайы «Евразия» өмірді сақтандыру компаниясының басқарма төрайымы Гульмира Убегалиева есептіліктің жаңа стандартын қабылдай отырып, бүкіл нарық басынан кешіретін жаңа талаптар, қиындықтар мен мүмкіндіктер туралы әңгімелейді.
Төртінші болатын, он жетіншіге айналды
Бүгінде Қазақстанда және бүкіл әлемде қолданылатын ХҚЕС 4, уақытша ретінде, сақтандыру шарттарын есепке алу үшін, сонау 2004 жылы Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары жөніндегі кеңеспен қабылданған болатын. Әлбетте, содан бері ХҚЕС 4 біршама ескіріп үлгерді және соңғы жиырма жыл ішінде сақтандыру саласында болған барлық өзгерістерге толық көлемде жауап бер алмайды.
Сонымен қатар, ХҚЕС 4 әртүрлі елдердің сақтандыру компанияларын, тіпті оған қоса басқа салалардағы компаниялармен салыстыру жүргізуге мүмкіндік бермейді. Бұл факт қаржылық шешімдер қабылдау кезінде инвесторларға ғана емес, сонымен қатар халықаралық қайта сақтандыру саласында жұмыс істейтін сақтандырушылардың өздеріне де кедерге келтірді.
ХҚЕС 17 алғаш рет 18 мамыр 2017 жылы жарияланды, ал ХҚЕС Кеңесі оның күшіне енуін бірнеше рет жылжытқан болатын. Бұл ретте стандарт әлі де толықтырылып, жаңартылу үстінде.
Сауд Арабиясы 2018 жылы ХҚЕС 17-ні біртіндеп төртсатылы енгізуді бастаған алғашқы ел болды. Оңтүстік-Шығыс Азия елдері ХҚЕС 17-ге көшуге барынша дайын елдер болып саналады, ал оңтүстік кореялық сақтандырушы Samsung Life жаңа стандартты іске қосу бойынша пионер болып саналады.
Қазақстан сияқты, Қытай, Австралия, Сингапур, Жаңа Зеландия да алдағы жылдың басында ХҚЕС 17 енгізуді жоспарлап отыр. Бұл ретте Тайланд басталу күнін 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін кейінге қалдырды, ал Индонезия мен Филиппин сақтандыру саласына дайындалуға көбірек уақыт беру үшін 2025 жылға дейін іске асыру мерзімдерін кейінге қалдырды.
ХҚЕС 17 стандартының басты жаңа жаңалығы — қалыптастырып белгіленген параметрлерді есепке ала отырып, күтілетін ақша ағындарын бағалаудан динамикалық актуарлық жорамалдарды ескере отырып, оларды болжау әдісіне көшу. Динамикалық актуарлық жорамалдар ретінде нарықтық деректер негізінде дисконттау мөлшерлемесі және белгісіздік факторын ескеретін тәуекелдік түзету назарға алынады.
ХҚЕС 17 пайда драйвері — инвестициялық немесе сақтандыру қызметі болып табылатынын нақты анықтауға, сонымен қатар ең тиімді сақтандыру өнімдерін бөліп алуға мүмкіндік береді. Жаңа стандартқа көшкен кезде сақтандыру ұйымдары пайданы бірден емес, қызмет көрсету фактісіне қарай танитын болады
ХҚЕС 17 енгізу, сөзсіз, бүкіл сектор үшін және оның ашықтығын арттыру үшін жағымды қадам болғанымен, барлық сақтандыру ұйымдарының алдында бірқатар айтарлықтай сын-қатерлер туындайды.
Жаттығу кезінде өте қиын
ХҚЕС 17-ге көшуді жеңілдету үшін реттеуші алдағы екі жылға арналған ескі және жаңа стандарттар бойынша параллель есептілікті қарастырды. Шешім, бір қарағанда, қисынды; сонымен бірге, ол параллельді есептіліктің жүргізілуін, демек, сақтандыру ұйымдары тарапынан қосымша ресурстарды талап етеді.
ХҚЕС 17 бойынша сақтандыру шарттарын тану және бағалау қағидаттары барлық шарттарды сақтандыру өнімдері мен валюталар бойынша біріктіруді білдіреді. Сонымен, өмірді сақтандыру жөніндегі компаниялар бүгінгі таңда жеті класпен айналысады, олардың әрқайсысы бойынша біріктіруді жүргізу, сонымен қатар олардың әрекетінің басталуына байланысты шоғырланымдарды қалыптастыру қажет болады. Жалпы сақтандыру жөніндегі компанияларға қиын болады, олар отыз класс бойынша сақтандырумен айналысады. Халықаралық қайта сақтандыру нарығында жұмыс істейтін немесе валюталық өнімдері бар сақтандыру компанияларында портфельді валютаға қарай қосымша бөлу қажет.
Біз болжамдау туралы әңгіме қозғап отырғандықтан, ХҚЕС 17-ге сәйкес, компаниялар енді алынған сыйлықақыларды пайдаға жаза алмайды. Әрбір шарттың мерзімін ескеру және қолда бар тарихи деректердің негізінде алдағы жылдарға күтілетін шығындарды есептеу қажет. Ол үшін стохастикалық және детерминистік модельдеуді қолдана отырып, бағалаудың тәуекелді модельдерін құру қажет. Бұл тапсырма математик үшін өте қиын, бұл жерде қазір негізінен есептілікті дайындаумен айналысатын қарапайым бухгалтерлер туралы не айтуға болады. Сондықтан, бұл жерде ең маңызды элемент барлық сақтандыру шарттарын есепке алу және актуарийлермен жүргізілетін күрделі математикалық есептеулерді автоматтандырылған жүргізу үшін құрылымдық мәліметтер базасы негізінде IT-жүйені құру болып табылады.
ХҚЕС 17 ретроспективті модельдер мен есепке алу әдістерін қолдануды білдіреді, яғни жергілікті сақтандыру компаниялары өздерінің қызмет жүргізген барлық жылдары үшін жаңа стандартқа сәйкес қызметін қайта есепке алуы қажет екендігін білдіреді. «Евразия» ӨСК өз қызметін 2019 жылы бастады, және біз үшін бұл міндетті іске асыру үлкен қиындықтар туғызбайды. Бірақ нарықтағы басқа ойыншылар он жыл немесе одан да көп уақыт ішіндегі өз қызметі туралы ақпаратты өңдеуі керек, ал олардың ішінде барлық 27 жыл қызмет атқарғандары бар. Қиын, бірақ жасауға болады.
Бұрын бірігуді бастан өткерген сақтандырушыларды бөлек қызықты ізденіс күтіп тұр, өйткені олар өздерінің барлық компанияларының құжаттамасын көтеріп, барлық шарттарға тиісті талдау мен бағалау жүргізуі керек.
ХҚЕС 17 енгізу компаниялардың пайдасына әсер етеді, пайда уақыт бойынша бөлінеді; сонымен қатар, міндеттемелері бағалау өседі. Қазірдің өзінде кейбір сақтандырушыларға акционерлер тарапынан қосымша капиталдандыру қажет болатыны анық. Әлбетте, мұндай жағдайда кейбіреу бизнесін сатуды немесе басқа ойыншылармен бірігуді таңдайды. Алайда осымен бірге бүкіл сақтандыру секторының жалпы тұрақтылығы артатын болады.
Көмекке математиктер келді
ХҚЕС 17 талаптарына сәйкес дайындалған қазақстандық сақтандыру компанияларының алғашқы қаржылық есептілігі 2023 жылдың бірінші тоқсанының нәтижелері бойынша, яғни 2023 жылдың сәуірінде ұсынылатын болады.
Бүгінгі таңда әлемде ХҚЕС 17-ні жақсы білетін мамандар аз, сондықтан алғашқы жылдары, бәлкім, сақтандырушыларға, шетелдік кеңесшілерді тартумен қатар, қандай да бір жолмен ХҚЕС 17-ні енгізуде пионерлер және ізашарлар болуға тура келеді. Алайда, бір-екі жылдан кейін қаржыгерлер, актуарийлер мен аудиторлар арасында жергілікті кадрлар жетіле бастайды.
ХҚЕС 17-ге көшу үшін біз арнайы жобалық кеңсе құрдық, оған механика-математика факультетінің түлектері мен актуарийлер кірді – соның ішінде күрделі есептеулерді, алгоритмдер мен формулаларды құруды жүзеге асыру үшін.
ХҚЕС 17 енгізу — бұл тек қаржылық салымдарды ғана қажет етіп қоймайтын бүкіл сақтандыру секторы үшін нақты сын. Стандартты енгізуді бухгалтерлерге жай ғана алып, бере салуға болмайды: мықты қаржыгерлер мен бағдарламашылардың көмегінсіз бұл ең күрделі мәселені шешу екіталай.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ХҚЕС 17-ні отандық сақтандыру нарығына енгізудегі аса маңызды рөлін атап өткен жөн. Сақтандыру компанияларына көмектесу үшін реттеуші ХҚЕС 17 қолдану жөніндегі нұсқаулық әзірледі, ол міндетті болып табылмайды және әзірге ұсынымдық сипатта.
Сақтандырушыларға салық салу тәсілдері сақтандыру ұйымдары ХҚЕС 17 бойынша бірінші жылдық қаржылық есептілікті ұсынғанға дейін әлі де өзгеріссіз қала береді. Алайда, жаңа стандарт сақтандыру компанияларының пайдасына әсер ететінін ескере отырып, сөзсіз, оларды болашақта да түзету қажет болады – біз ХҚЕС 17 жаңа стандартына сәйкес есептелген пайда мөлшерін назарға ала отырып, салықтарды ХҚЕС 4-ке сәйкес төлей алмаймыз ғой.