Бұл қызметке басшы тағайындау үшін конкурс өткізілген.
Еркен Заманбекұлы Сағандықов - 1968 жылдың 20 тамызында Шығыс Қазақстан облысының Зырян қаласында дүниеге келген. 2 жоғары білімі бар.
Еңбек жолын 1991 жылы Семей қаласындағы "Семей-Центрбанк" ААҚ филиалында бағдарламашы лауазымынан бастап, кейіннен 2008 жылға дейінгі уақытта банк саласында және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарында қызмет атқарды.
2008 жылдан бастап, 14 жылдан астам уақыт бойы "Семей Водоканал" МКК-ның басшылығында, яғни 2011 жылға дейін оңалту басқарушысы, ал 2011 жылдан қазіргі уақытқа дейін кәсіпорынның директоры болды.
Жалпы еңбек өтілі – 32 жыл.
Сурет: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі